Алматының бас санитарлық дәрігері жастарға үндеу жасады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды орындамайтын жастарға ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, КВИ бойынша өсім 1,1 есе болып отыр. «Бірінші аптада – 420 жағдай, екінші аптада – 460 жағдай, үшінші аптада – 510 жағдай, төртінші аптада - 560 жағдай тіркелді. Оптимистік жағдайда желтоқсан айын 1900 жағдаймен, пессимистік болжамда 2100 жағдаймен аяқтаймыз. Біз қазір Испания, Ұлыбритания, Франция, Германия елдерін мысалға келтіреміз. Вирусты ұстап алып, қамап қоя алмайсың. Осыны ересек адамдар ескеруі керек»,- деді Жандарбек Бекшин.

Маманның айтуынша, коронавирус жастарда симптомсыз өтетіндігімен қауіпті.

«Жастар ата-аналарына, қарт кісілерге жұқтыруы мүмкін. Біздің айтқан ескертпелерімді құлаққа ілмеген адам Жаңа жылды ата-анасыз, ата-әжесіз қарсы алуы ғажап емес», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар