Алматының бас санитарлық дәрігері «омикрон» штамы «дельтаны» ығыстыратынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «Омикрон» штамы жақын арада «дельтаны» ығыстыратын болады. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова онлайн брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирустың жаңадан пайда болған «омикрон» штамы халық арасында көп тарайды және жақын арада «дельтаны» ығыстырады»,-дейді ол.

Алматының бас санитарлық дәрігері ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету үшін вакцина алу керектігін ескертті.

«Алматыда коронавирусқа қарсы иммундық қабат жеткіліксіз және шамамен 60%-ды құрайды (вакцинацияланғандардың 51,3% + соңғы жылы ауырып ауырғандардың 8,2%)»,- дейді спикер.

Қарлығаш Әбдіжаббарова алғашқы иммунизациядан өткен азаматтарды ревакцинацияға келуге шақырды.

«Әлемнің жетекші ғалымдары мен сарапшыларының деректері бойынша, қолданыстағы вакциналармен ревакцинация «омикрон» штамымен инфекция кезінде асқынған және өлім жағдайларын ауруханаға жатқызудан 70%-ға қорғайды. Мен вакцинацияланбаған азаматтарды екінші компонентті алғаннан кейін 6 айдан кейін қайта вакцинациялауға шақырамын. Бұл кезеңде қаланың барлық тұрғындарына шектеу шараларының талаптарын қатаң сақтау, қоғамдық орындарда әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтау өте маңызды», - дейді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Спикер 20-30 жас аралығындағы жас тұрғындар үшін «омикрон» штамы қауіпті екенін тілге тиек етті.

Оның айтуынша, вирустың бұл нұсқасы ерекше және осы жастағыларға әсер етеді.

«Коронавирусты жұқтырғандардың үлесі 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4%-ға, жасөспірімдер арасында 1,1%-ға күрт өсті, бұл омикрон штамына да тән»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар