+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

Алматының бас көшелеріндегі шамдар жанбай қалуы мүмкін – әкімдік

2019 жылғы 12 желтоқсан 16:33
Бөлісіңіз:
Алматының бас көшелеріндегі шамдар жанбай қалуы мүмкін – әкімдік

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі қаланың бірқатар көшелерінде жарық шамдары дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін екендігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қыркүйек айынан бастап МЖӘ бағдарламасы аясында қаланың 7 негізгі көшесінде (Сүйінбай даңғылы, Т.Рысқұлов даңғылы, Райымбек даңғылы, Б.Майлин көшесі, С.Сейфуллин көшесі, Хмельницкий және Т.Жароков көшелері) сыртқы жарықтандыру жүйесіне модернизациялау жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары 90% аяқталды. Жоғарыда аталған көшелерде жарықтандыру тестілеу режімінде жұмыс істейді, пайдалануға беру жұмыстары жүргізілуде. Осыған байланысты жарықтандыру құрылғылары дұрыс жұмыс істемей қалуы мүмкін», - деп хабарлайды Алматы қаласының Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының өкілі.

Басқармасы өкілдері тұрғындардан жарық құрылғыларының дұрыс жұмыс істемей тұрғанын байқаса «Алматы Қала Жарық» сервис ұйымының диспетчерлік қызметіне хабарласуын сұрайды.

фото: www.astrobl.ru
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT