Алматының барлық сегіз ауданында жылу желілері сынақтан өтеді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 14-26 маусым күндері Алматының барлық 8 ауданында жылу желілері гидравликалық сынақтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы жылу жүйесі» кәсіпорны қала тұрғындары мен қонақтарын күн сайын таңғы 4-тен 7-ге дейін магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырды.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына қарамастан штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін: жер бетіне судың ағып шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы т.б. Мұндай жағдайларда өз бетінше ешқандай әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, ол «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-ға хабарлаңыз (378-06-48, 378-06-62, call-орталық телефондары: 341-07-00, 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109», - деп ескертті «Алматы жылу жүйесі» ЖШС.

Жылу желілеріне сынақ жүргізу кестесі төмендегідей:

14 маусым

Алмалы және Жетісу аудандары: Мақатаев-Рысқұлов-Байзақов-Яблочков көшелері.

Наурызбай ауданы: Райымбек – Жүнісов – Абай – Алтын Орда көшелері.

14 және 15 маусым

Әуезов, Алмалы аудандары: Ұлықбек – Рысқұлбеков – Сайын - Үлкен Алматы өзені.

Алмалы, Медеу және Жетісу аудандары: Бөгенбай батыр – Мұратбаев – Мақатаев – Сейфуллин – Тобаяқов – Назарбаев – Мәметова – Уәлиханов көшелері.

14-23 маусым аралығында

Бостандық ауданы: Асқаров – Мирас шағын ауданы – «Алматы» шипажайы – Сайын көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Қазақфильм шағын ауданы – Рысқұлбеков – Каблуков – Басенов – Өтепов – Розыбақиев – Жароков көшелері – Алмагүл шағын ауданы – Ходжанов – ҚазҰУ – Тимирязев – М.Ганди – Назарбаев даңғылы, Лисянский – Розыбақиев – Жароков көшелері – Эксперименттік база – Қожанов көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Алмагүл шағын ауданы, Орбита 1, 2, 3, 4 шағын аудандары – Сайын – Рысқұлбеков – Розыбақиев көшелері – Үлкен Алматы өзені – Өтепов – Жароков – Басенов көшелері.

Медеу ауданы: Тайманов – Чайкина көшелері– Достық даңғылы – Меңдіқұлов көшесі – Әл-Фараби даңғылы – Жолдасбеков көшесі – Достық даңғылы – Байжанов көшесі – ІІМ шипажайы.

15 маусым

Алатау ауданы: Аққайнар – Мамбетов кенті – БАҚ-тың оңтүстік жағы.

15 және 16 маусым

Алмалы, Жетісу және Медеу аудандары: Сейфуллин даңғылы – Рысқұлов – Жангелдин – Райымбек – Куратов – Гоголь көшелері.

16 маусым

Алатау ауданы: Райымбек – Отырар – Рысқұлов – Немирович - Данченко, Мөңке би – Момышұлы – Райымбек – Фариза Оңғарсынова көшелері;

Әуезов ауданы: Ұлықбек – Жандосов – Сайын – Яссауи көшелері;

Алмалы ауданы: Шөкин – Петров – Қарасай батыр – Райымбек даңғылы.

19 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Мақатаев –Розыбақиев – Шәріпова көшелері.

19 және 20 маусым

Медеу, Алмалы және Бостандық аудандары: Гоголь – Курганская – Сәтбаев – Чайковский көшелері.

20 және 21 маусым

Әуезов ауданы: Төле би – Райымбек – Яссауи – Емцов көшелері;

Әуезов және Алмалы аудандары: Төле би – Рысқұлов – Яссауи – Ислам Каримов көшелері;

Алмалы және Бостандық аудандары: Әйтеке би - Панфилов – Шевченко – Желтоқсан – Сәтбаев – Байтұрсынов көшелері.

21 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Тимирязев – Шағабұтдинов – Розыбақиев көшелері.

21-23 маусым аралығында

Алмалы және Бостандық аудандары: Панфилов – Абай – Желтоқсан – Тимирязев – Гоголь – Есентай өзені.

22 және 23 маусым

Наурызбай ауданы: Проектируемая – Айтбаев – Райымбект – Алтын Алаш көшелері.

Әуезов, Алмалы және Бостандық аудандары: Төле би – Сәтбаев – Әшімов – Ислам Каримов көшелері.

23 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қабанбай батыр – Жандосов – Варламов –Айманов көшелері.

26 маусым

Алмалы және Бостандық аудандары: Қарасай батыр – Өтепов – Розыбақиев – Байзақов көшелері.

«Аталған аумақтардың контурында тұратын барлық тұтынушыға ыстық сумен жабдықтау толығымен сақталады. Гидравликалық сынақтар қалалық жылу кешенін алдағы жылыту маусымына дайындау шеңберінде жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және құбырлардың проблемалық учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз», – деп жазылған «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар