+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек

2019 жылғы 12 желтоқсан 15:34
Бөлісіңіз:
Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының барлық аудандары үш жылдық даму жоспарын жасауы керек, бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Kazakhstan Urban Conference -2019 форумында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында қала басшысы Бақытжан Сағынтаев «Алматы-2025» даму бағдарламасының алдағы 5 жылға арналған нақты құжаты 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін дайын болуы керектігін атап өтті.

«Қаланы дамытудың бас жоспарының тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдау қажет. Себебі, бұл - мегаполисті дамытудың маңызды құжаттары, оларды 2020 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей көпшілік талқысына ұсынуымыз керек», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Сонымен қатар, қаланың барлық 8 ауданы 2020 жылдың 1 наурызынан кешіктірмей үш жылдық даму жоспарын жасауы тиіс.

«Әр аудан кәсіби урбанистермен және жергілікті тұрғындармен келісе отырып, ауданның даму жоспарын құруы тиіс. Сондай-ақ, ол полиорталықтандыру қағидаттарына сәйкес болуы керек. Аудандардың бірегейлігі де назардан тыс қалмауы тиіс. Ең алдымен оның әлеуметтік инфрақұрылымының дамуын қадағалау қажет. Болашақта ауданның бас жоспары жүйелі түрде қаржыландырылады», - деді әкім.

Айта кетейік, Алматыда «Kazakhstan Urban Conference -2019» форумы өтіп жатыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT