Алматының «барахолкасындағы» өрт әуеден сөндіріліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Базардағы өртті сөндіруге ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің авиациясы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнында жеке құрамның 64 қызметкері, 20 техника мен «Алматы тазалық» кәсіпорнының суарушы және Жасыл экономика басқармасының 15 су тасымалдайтын көліктері тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ-ның КА-32 және ПД 13 техникасы жұмылдырылды.

«Бұл өрттің «Мизам» базарына қатысы жоқ, базарлардың арасында көтерме сақтау қоймаларының жеке аумағы бар. Сол контейнерлер жанып жатыр. Қызыл жалынның, қоймалардың оңтүстік жағына таралу қауіпі сақталып отыр. Сондықтан температура жоғары, әзірге өрт шарпыған ауданды анықтау мүмкін емес», - деп хабарлады ТЖМ.





Соңғы жаңалықтар