Алматының аязында көлік оталдыру қызметін пайдаланушылар күрт көбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда аяз түскелі бері көлік оталдыру қызметіне сұраныс күрт артқан. Көлігін оталдыра алмағандар амалсыз ақылы қызмет түріне кезекке тұрып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Синоптиктер Алматыға шыңылтыр аяз түсетінін ескерткен болатын. Мамандар апта соңында ауа температурасы күндіз - 25, түнде кей жерлерде -36 градусқа дейін төмендейтінін айтқан. Осыған байланысты Алматыда көлік оталдыру қызметін көрсетушілер көбейді. Жарнама сайттарында осындай қызмет түрін ұсынғандар тізімге тұрушылардың қатары көп екенін айтты.

Өзін Павелмін деп таныстырған жігіт бүгін ғана жарнамасын іле салысымен бірнеше көлік оталдырғанын, ертеңге 3 адам кезекке жазылғанын айтты.

«Мен мұнымен бұрын айналысқаным жоқ. Бүгін ғана жарнама бергенмін, 3 адам ертеңге жазылып қойды. Бір көлікті 10 мың теңгеге оталдырып, қыздырып беремін», - деді ол.

Жарнама сайтында өзін ТЖО үйлестірушімін деп таныстырған Марат есімді қазақ жігіт таңғы қарбаласта баға қымбаттайтынын жеткізді.

«Біздің қызметіміз 8 000 теңге. Екі шебер барады, оның біреуі электр бағытындағы маман. Көліктегі барлық ахауды қарап береді. Бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін тізім толық. Сегізден кейін шақыртамын десеңіз, жазылыңыз. Жүк көліктерінен де бізге сұраныстар түсіп жатыр. Егер таңертеңгі қарбалас уақытында шақыртсаңыз 12 000 теңге болады», - деді Марат.

null 

Аяз адамдардың табыс көзіне де айналғанын Аркадий есімді жігіттің айтқанын білуге болады. Бізбен емен-жарқын әңгімелескен ол күніне 10 мың теңгеден 10 көлікке дейін оталдырып беретінін айтты. «Тіпті, көлікті майын да ауыстырып береміз»,- дейді.

«Мен көлігіңізді 10 000 теңгеге оталдырып беремін. Барлық кемшіліктерін қарап, майын да ауыстырамыз. Алдын ала ертеңге жазылып қоймасаңыз, бүгінге тізім толық. Күніне 7-8 кейде, 10 көлікке дейін оталдырамыз. Шеберлеріміз түнімен де жұмыс істейді, таңда шақыртатын болсаңыз, мекен жайыңыздың орналдасуына байланысты баға да қымбат болады. Былтыр 6-7 мың теңгеден көліктерді оталдырғанбыз», - деді Аркадий.

null 

Аяз Алматы тіршілігіне өзгеріс әкелді. Көліктері оталмаған жүргізушілерден бөлек, суық күні қоғамдық көлік түрін пайдаланғысы келгендер есебінен қалада көлік саны азайды. Сонымен қатар, аязға байланысты көп жылдан бері алғаш рет мектептерде де сабақ тоқтатылған болатын. 26 қаңтарда бастауыш сыныптарға сабақ тоқтатылса, 27 қаңтар ертең жоғарғы сынып оқушыларына сабақ өткізілмейтін болады.

null null null 

Соңғы жаңалықтар