Алматының АвтоХҚО-лары жұмысын қайта бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгіннен бастап Алматының мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істей бастады. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК Алматы қаласы бойынша өкілі Жаңыл Әпетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, АвтоХҚО-лардың жұмыс кестесі – сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, дүйсенбі-жұма аралығында болады.

«Сонымен қатар, ХҚО-лардағы құжаттандыру секторлары мен Миграциялық ХҚО бөлімі де қайта іске қосылды.

Мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамын онлайн алуға, сондай-ақ автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын еске саламыз»,- деді Жаңыл Әпетова.

Ол АвтоХҚО-ларда кезек тудырмау үшін осы сервистерді пайдалануға кеңес берді.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты клиенттер санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс – әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.

Бұған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы қаласы филиалы қалада неліктен АвтоХҚО-лардың әлі іске қосылмауының себебін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар