Алматының Әуезов ауданында бір күн суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«6 қазан күні таңғы сағат 8:00-ден түнгі сағат 24:00-ге дейін Алмас, Астана, Атамекен, Достық, Қуаныш, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр- 5, Мамыр-6, Мамыр-7, Қалқаман-2 ықшамаудандарында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарда суық су болмайды. Сонымен қатар, Тепличный, Шабыт, Шаляпин-Мұсабаев-Әшімов-Абай көшелерінің бойында орналасқан үйлер суық судан ажыратылады»,- деп хабарлайды «Алматы су» кәсіпорны.

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болды.

«Алматы су» МКК уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды өтінеді.


Соңғы жаңалықтар