+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Алматының архитектуралық келбеті біркелкі үлгіге көшеді

2019 жылғы 5 желтоқсан 14:56
Бөлісіңіз:
Алматының архитектуралық келбеті біркелкі үлгіге көшеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы қаланың дизайн-коды аясында маңдайшаларды ілу ережелерінің таныстырылымын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында балабақша құрылысы қарқынды жүргізілуде Елордадағы «бүкір көпір» опырылып құлады Алматыда үш скверде қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Дизайн-код – қала өркендеуінің негізгі бөлшектерінің бірі. Бұл – қаланы, қала көшелерін, қоғамдық аймақтарды безендірудің бірыңғай сәулеттік стилі. Жобаның мақсаты – ғимарат қасбеттерінің элементтерін тұрғызуға қойылатын жалпы талаптарды әзірлеу: кіре беріс, маңдайшалар, ақпараттық тақталар, балкон қоршаулары, ауабаптағыш және т.б.

Нысанның қасбетіне бірнеше ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің белгілерін бір сызықта, бір биіктік қатарына қою ұсынылады.

«Визуалды шудың салдарынан адамдар қаланы бағаламайды. Ғимараттардың сәулеттік құндылығы жоғалып барады. Адамдар көз тартатын әдемілікті көрмейді. Нәтижесінде қала тұрғындары көшеде серуендеуді қойып, бос уақыттарын сауда орталықтарында өткізеді. Дұрыс дизайн–код серуендеу мәдениетін қайтарады. Қазір адамдар көшені демалыс орны ретінде қабылдамайтын болды. Қала орталығының нашарлауы тұрғындардың да, шағын бизнестің де зардап шегуіне әкеледі. «Жарнамалық анархияның» арқасында үлкен ресурстарды ірі компаниялар басып алған. Шағын бизнес жарнамалық кеңістіктегі бәсекелестікке төтеп бере алмайды. Егер барлық белгілер сыртқы келбеті мен өлшемі бойынша біркелкі болса, барлық кәсіпорындар тең дәрежеде жүреді және сауда орталықтарынан көшеге оралған әлеуетті клиенттерді тартуға мүмкіндік бар», - деп санайды департаменттегілер.

Сонымен қатар, ғимараттардың сыртқы келбетінің негізгі проблемалары аталды: архитектураға назар аудармау; шектеулі аймақта белгі қою; тарихи ғимараттардағы ескі қасбеттер; жабық терезелер;

Негізгі мәселелерді шешуге арналған ұсыныстар: Маңдайша ілуді азайту; Белгі мен таңбалар санын төмендету керек. Маңдайшада тек үш өлшемді әріптерді қолданыңыз (кез келген белсенді белгі қатты әсер етеді және көріністі бұзады); архитектуралық элементтерге - терезеге немесе есіктерге белгілерді байланыстыру қажет.

Басқарманың хабарлауынша, 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында талапқа сай емес 3521 жарнама жойылды.

Таныстырылымның толық нұсқасымен мына жерден танысуға болады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT