Алматының әр ауданында ауызсу сапасы неліктен әртүрлі

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ресми өкілі Серік Шағыров қаланың әр ауданында ауызсу сапасы неліктен әртүрлі екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның мәліметінше, ауызсу күйі үш түрде – өте жұмсақ, орташа қатты және неғұрлым қатты болады.

«Қаланың Бостандық, Медеу және Алмалы аудандарының басым бөлігінде тау көздерінің сулары, яғни, өте жұмсақ сулар ағады.

Қаланың орта бөлігінде тау суы мен жерасты сулары араласатын болған соң, мұнда ауызсу орташа қатты күйде.

Қаланың төменгі бөлігінде неғұрлым қатты сулар ағады, себебі, онда тек жерасты сулары ғана келеді», – деді Серік Шағыров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде.
Спикер сондай-ақ ауызсудың химиялық құрамы туралы айтты.

«Ауызсудың сапасын су қағы арқылы анықтауға болмайды. Су қағы – бұл тұз, магний және кальций. Сондай-ақ суда әртүрлі минералдар, химиялық заттар болады. Тұз, магний және кальций кез келген ауызсудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ол фильтрден өткен судан сонысымен ерекшеленеді» - деді Серік Шағыров.


Соңғы жаңалықтар