Алматының аптабы шаңды боранға ұласты

None
None
  АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда шақырайған ыстық күн шаңды боранға ауысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Табиғаттың тосын мінезін қала тұрғындары әлеуметтік желіге жариялап жатыр.

Сағат 16:00-дер шамасында қаланың төменгі бөлігін қалың қара бұлт басып, жауын құйды. Қаланың жоғарғы бөлігінде қою бұлт аз уақытқа үйіріліп, кейін қайтадан сейіліп кетті.

Алатау ауданындағы Момышұлы көшесінде қала тұрғындары шаңның астында қалды. Сонымен қатар, көшеде қаңбақтардың көшкіні жүрді.


«Казгидромет» РМК бүгінгі ауа температурасы 22 градус болатынын, найзағай ойнап, жаңбыр жауатынын болжаған болатын.

Ал мамандардың болжауынша, нағыз аптап ыстық тамыздың басында болмақ. Ауа температурасы 43 градусқа дейін көтерілмек.

Соңғы жаңалықтар