Алматының Алтынсарин көшесінде жол қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының Алтынсарин көшесінде газ құбырын жаңартуға байланысты жол қозғалысы жаздың ортасына дейін шектеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталға учаскеде «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы   филиалының тапсырысы бойынша  Алтынсарин көшесі бойымен өтетін «Орта қысымдағы жер асты газ құбырын жаңарту» жобасы қолға  алынды.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, жалпы ұзындығы 2,8 шақырым болатын жерасты газ құбыры алматылықтарды  газбен тұрақты  әрі үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.

Жоба бойынша қайта жасау жұмыстары Алтынсарин көшесі бойымен Жандосов көшесінен  Жұбанов  көшесінен дейін солға қарай жолдың батыс жағын қамтиды. Қазу жұмыстары 5 метр аумақты қамтиды.

Жұмысты 16 шілдеде аяқтау жоспарланған. Әкімдік Алтынсарин көшесінің кейбір учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүретіндіктен оңтүстік бағытта көлік қозғалысында қиындық туатынын хабарлады.

«Атап айтқанда, 4 сәуір -16 мамырда - Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі учаскеде,   6  сәуір-25 мамырда - Шаляпин  көшесінен  Абай даңғылына дейінгі учаскеде, 21 мамыр-18  маусымда - Абай даңғылынан Жұбанов көшесі аралығында, 28 мамыр-16 шілде аралығында  Жұбанов көшесінен Абай даңғылына дейінгі аралықта жол қозғалысы шектеледі»,- деді баспасөз қызметінен.

Қала тұрғындарына барынша қолайлы болу үшін жаңарту жұмыстары сегмент  бойынша,  яғни әр 100 метр сайын атқарылмақ. Сонымен қатар, қазылған аймақтардың үсті  жабылып, асфальт бірден төселіп отырады.

Еске салсақ, қала әкімі Бауыржан Байбек көшпелі жиын барысында жол құрылысымен айналысатын мердігер ұйымдардың жұмысын сынға алып, бір жерді қайта-қайта қазуға болмайтынын айтқан болатын.

Соңғы жаңалықтар