Алматының Алмалы ауданында суық су болмайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ертең Алмалы ауданында бір күн суық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматы су» мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына сілтеме жасап.

«4 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін Алмалы ауданында Төле би - Қожамқұлов - Гоголь - Шәріпов көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру тоқтатылады.Сонымен қатар, 8 қыркүйек күні сағат 9:00-ден кешкі сағат 17:00-ге дейін Төле би - Шагабутдинов - Қазыбек би - Байзақов көшелерінің бойында орналасқан үйлер мен ғимараттар суық судан ажыратылады» деп хабарлады «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізіледі.

«Алматы су» мекемесі уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды өтінеді.


Соңғы жаңалықтар