Алматының Алғабас ықшам ауданында су тарифі төмендетілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Алғабас» тұтыну кооперативінің 2020 жылға бекітілген тариф сметасының орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департаменттің мәліметіше, талдау қорытындысы бойынша бекітілген тариф сметасының шығын баптарының 5%-дан астамы орындалмағаны анықталды. ҚР Ұлттық банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, негізсіз кіріс сомасы 12 млн 470 мың 340 теңге деп есептелді.

Осыған байланысты, департамент «Алғабас» ТК-ның тұтынушылары үшін су беру қызметіне ҚҚС-сыз, қолданыстағы тарифтен 35,26 теңгеге немесе – 33,81% - ға (қолданыстағы тариф 104,26 теңге/м3) төмендетіліп – 69,00 теңге/м3 мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітті.

«Төмендетілген тарифтің қолдану кезеңі 2021 жылғы 1 қарашадан бастап 2022 жылғы 31 қазанға дейін қолданылады», делінген хабарламада.


Авторы Думан Арғынгелді


Соңғы жаңалықтар