Алматының әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 1,3 трлн теңгеден астам қаржы қажет

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Бас жоспарын әзірлеушілердің болжамы бойынша, 2030 жылға дейін қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға 1,3 трлн теңге қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2030 жылға дейінгі Бас жоспар бойынша жобалық ұсыныстардың бірінші кезеңін іске асыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 1 трлн 391 млрд теңге инвестиция қажет.

Инвестициялардың басым бөлігі (46,6%) мектеп пен мектепке дейінгі білім беруді дамыту және денсаулық сақтау мекемелерін жетілдіруге (27,3%) жұмсалмақ.

Алматы қаласының Бас жоспарын әзірлеуші Тамара Залогинаның айтуынша, мегаполисте 300-ден астам балабақша мен 188 мектеп салынады.

«Бас жоспарда алматылықтарды жақын орналасатын әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қарастырылған. Атап айтқанда, 335 балабақша, 188 мектеп және қазіргі мектептерге 12 қосымша құрылыс, 65 емхана және 3 аурухана мен 33 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарда бар», - деді ол.

Бұған дейін Тамара Залогина 2040 жылға қарай Алматы халқының саны үш миллион адамға жететінін айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар