Алматының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келесі жылдан бастап Алатау ауданында екі мемлекеттік колледж салынады. Оның бірі - «Зерделі» шағынауданында 380 орынға есептелген жатақханасы бар 720 орындық кәсіптік-техникалық колледж. Қазіргі таңда оны салуға мердігер ұйымды анықтау үшін конкурс өткізіліп жатыр. Екіншісі – 380 орынға арналған жатақханасы бар 720 орындық инновациялық технологиялар колледжі. Ол келесі жылдың 1-ші тоқсанында Индустриялық аймақта салына бастайды», - деді Ерболат Досаев.

Еске салайық, Алматыдағы бірқатар колледж бен университеттер Қонаев қаласына көшірілетінін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар