Алматының ақылы тұрақтары инвестицияны әлі ақтамады - компания басшысы

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда ақылы тұрақтардың операторы - «АлматыСпецТех Паркинг» ЖШС ақылы тұрақтар желісінен әлі табыс көріп отырған жоқ. Бұл туралы Интерфакс баспасөз мәслихатында бүгін компания директоры Марат Пірінбеков айтты, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2016 жылдың ортасынан бері жобаға 1 млрд 302 млн инвестиция құйылған. 2017 жылы 711 млн теңге салынған. Бюджетке 269 млн теңге түсім түссе, ақы төлеуден жалтарғандардан 128 млн теңге түскен.

Алматы тұрақтарының операторы әлі инвестициялық табысқа шықтық деп айтуға әлі ерте дейді.

«Инвестицияны қайтару туралы айтуға әлі ерте. Қанша ақша жинасақ, сонша ақша шығындаймыз. Биыл 15 мың ақылы тұраққа шыққан кезде ғана табыс табамыз деген жоспар бар. Компания шығынға жұмыс жасап жатыр деп те айтуға болмайды. Мәселен осы уақытқа дейін 600 млн жуық түсім түссе оған салық төленді, жұмыскерлердің жалақысы төленеді. Кез-келген бизнес аяғына тұрып кету үшін 2-3 жыл өтуі керек. Ал төленбеген ақы үшін айыппұлдан біз ақша ала алмаймыз. Себебі бұл бюджеттік бап», - деді Марат Пірінбеков.

Компания директорының айтуынша, қазір қалада көліктер көп шоғырланған жерлерде тұрақ ақысы көтерілуі мүмкін.

«Жүргізушілерден көптеген ұсыныстар түсіп жатыр. Колл-орталыққа қоңырау шалушылардың 1 пайызы тұрақ ақысын брондау туралы ұсыныс білдіріп отыр. Брондау жүйесін енгізу үшін тұрақ аймағы 80 пайызға толуы керек. Қазір бізде 50 пайызға ғана толады», - деді Марат Пірінбеков.

Соңғы жаңалықтар