Алматының 8 шағынауданындағы сумен жабдықтауды түске дейін қалпына келтіреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 8 шағынауданындағы сумен жабдықтауды түске дейін қалпына келтіреді. Бұл туралы «Алматы Су Холдинг» МКК баспасөз хатшысы Ақбота Жылысова хабарлады.

«Уәде етілгендей, түске дейін барлығын қалпына келтіреміз. Қазір су құбырына тұтынушылар қосылу үшін  дайындық жұмыстары жүргізілуде», - деді А.Жылысова.

Оның айтуынша, орталық су жүйесіне зақым келгендіктен, 1,2,3,4,7,8,9 шағынаудандарды салқын сумен қамтамасыз ету жүйесі тоқтап тұр.  

Айта кетейік, Әуезов ауданында, 8 шағынауданда диаметрі 600 мм-лік салқын су құбырының жарылуынан жаңадан салынған нысандардың біріндегі қазаншұңқыр мен жертөлелерді су алған.

«Апат салдарын жоюға қалалық ТЖД апаттық-құтқару жұмыстары және өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 8 адамы мен 2 техника, «Алматы Су Холдинг» МКК апаттық бригадасынан 15 адам мен 3 дана техника, Алматы-109 құтқару қызметінен 9 адам, 3 мотопомп және 1 техника, «Метрополитен» КМК-ден  6 адам мен 1 мотопомп жұмылдырылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

 

 

Соңғы жаңалықтар