Алматының 8 шағын ауданында жаяу жүргіншілерге арналған аймақ салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Әуезов ауданының әкімі Әнуар Өскенбаев 8 шағын ауданда салынатын жаяу жүргіншілерге арналған аймақ туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаяу жүргіншілер аймағы Абай, Шаляпин, Алтынсарин көшелерін біріктіреді.

«Жобаға сәйкес, осы аймақта кеспетас төселіп, LED-экрандар орнатылады. Адамдар орындыққа отырып демала алады. Сонымен қатар, аумағы 97*55 метр болатын жасанды ылғалдандыру жүйесі, газоны бар, жүгіру жолымен жабдықталған футбол алаңы салынады. Баскетбол алаңы, иттерді серуендететін екі алаң жасалады. 2 аула абаттандырылып, 1,2 га аймақты көгалдандыру жоспарда бар. 210 ағаш отырғызылады», - деді Әнуар Өскенбаев facebook-тегі парақшасында.

Әлеуметтік жауапкершілік аясында мердігерлік ұйым Сайран көлінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі учаскені абаттандыруды өз мойнына алды.

Алтынсарин көшесінің Шаляпин көшесінен Абай көшесіне дейін арық желісі жаңартылып, кәрі ағаштардың орнына үйеңкі, талшын сияқты ағаштар отырғызылады.

Соңғы жаңалықтар