Алматының 6 базарында әлеуметтік дүкендер ашылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Бақытжан Сағынтаев халықпен онлайн форматтағы есептік кездесуде тұрғындарының сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында 1308 нөмірлі бірыңғай арна жұмыс істеді. Тұрғындар азық-түлік бағалары бойынша көптеп сұрақ қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың басты мақсатының бірі – шаһардың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру.

Алматыда сұранысы жоғары азық-түлік түрлерін (қарақұмық жармасы, кеспе өнімдері, күнбағыс майы, күріш жармасы, қант, айран, май, сүт, сүзбе, тауық еті, әлеуметтік нан) бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданды.

Өткен жылдың күрделі кезеңіне қарамастан, қалалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлініп, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қоры жасалды.

«Былтыр біз бюджеттен 7 млрд теңге бөліп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын құрдық. Алматыда сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бекітілген тізбесінің 19 түрінің 18 түрінің құны сараланды. Қазақстан бойынша ең төменгі баға бізде. Егер біз бұл жұмысты жүргізбегенде, баға одан әрі шарықтаған болар еді», - деді әкім.

Ол жұмыртқа бағасына қатысты қойылған сұраққа Алматыда ғана емес, жалпы Қазақстанда, тіпті БАҚ мәліметтері бойынша Ресейде де жұмыртқа бағасының өсіп кеткенін айтты.

Сарапшылардың пікірінше, бұл бағалардың маусымдық өсуі, өйткені құс азығы, дәнді және майлы дақылдардың қымбаттаған әрі бірқатар құс фабрикаларында өнім төмендеген.

Сонымен қатар, Қаланың алты ірі азық-түлік базарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін белгіленген бағамен сату үшін әлеуметтік дүкендер ашылды.

Әлеуметтік дүкендердегі азық-түлік бағасы нарықтағы орташа деңгейден 20-30% төмен.

Базарлардың мекенжайы:

- Көкбазар, Жібек Жолы 53;

- Тастақ, Төлеби, 266

- Алматы -1, Шолохов көшесі 2ү/1

- Таусамалы, Таусамалы - 1

- Жаңа Ақбұлақ, Розыбакиев көшесі 33/1

- Сарыарқа, 4 ықшамаудаы 27 б

Баға өзгерісін қаланың азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі www.almatyazyk.kz веб-сайтынан бақылауға болады.

Белгіленген баға: Қартоп – 150 теңге, сәбіз – 145 теңге, пияз – 85 теңге, қырыққабат – 75 теңге, қант – 249 теңге, қарақұмық жармасы – 349 теңге, күнбағыс майы (№1 Майзауыты) – 655 теңге,күнбағыс майы (Майское) – 573 теңгеден, күріш жармасы (Лидер, Камолино) – 275 теңге,өлшемді кеспе түрлері – 199 теңгеден, бірінші сұрыпты ұн (Ақсарай 2 кг) – 409 тегенден сатылады.


Соңғы жаңалықтар