Алматының 26 көшесі жөнделеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының 26 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы қаланың Мобильдік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сәуір айының басынан бері 203 көшедегі 2 мыңнан астам ойылған шұңқыр жойылды, 22 мың шаршы метр асфальтбетон жабындысы төселеді. 588 құдық қақпағы қалпына келтірілді», - деп хабарлады қалалық Мобильділік басқармасынан.

Күнделікті жөндеу жұмысына 400-ден астам жұмысшы мен 155 арнайы техника жұмылдырылады. Алматының 26 көшесіне жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Жалпы, Алматы қаласында көше-жол желісінің ұзындығы 3 096,8 шақырым, көше саны - 2 746. Оның ішінде магистральды маңызы бар көше саны - 385, олардың ұзындығы 1 150 шақырым. Жергілікті маңызы бар көше саны - 2361, олардың ұзындығы 1 946,8 шақырым.


Соңғы жаңалықтар