+7 (701) 759 90 19
USD 388.96 EUR 432.21
RUB 6.09 CNY 54.99
Jańalyqtar

Алматының 208 көшесіне жарық тартылады

2019 жылғы 10 қазан 11:51
Бөлісіңіз:
Алматының  208  көшесіне  жарық тартылады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев келесі жылы қала көшелері жүз пайыз жарықтандырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бірнеше ай бұрын жергілікті билік қаланың жарықтану жағдайын жақсарту үшін ауқымды жұмыстар бастаған.

«Қазан айының соңына дейін 208 көшеге алғаш рет жарық тартылады. Мұнда төрт мыңға жуық жарық нүктелері орнатылады. Сапа мен сервистік қызмет тұрақты бақылауға алынады. Келер жылдың аяғына дейін қаланың жарықтану деңгейін жүз пайызға жеткізуді жоспарлаудамыз»,-деп жазды қала әкімі өзінің Instagram –дағы парақшасында.

Көшелер мен аулаларды жарықтандырудағы басты міндет - қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қалалықтар өміріне жайлы жағдай жасау, деп атап өтті ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT