Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспары қандай болады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда бас жоспарды қоғамдық талқылаудың алғашқы күні аяқталды. Басты мақсат - қаланың барлық ауданында жайлы орта құру және өмір сүру сапасын арттыру, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі қолданыстағы бас жоспар осыдан 21 жыл бұрын бекітілген және қала қажеттілігінің өсуі ескерілмеген.

Осы уақыт аралығында қала аумағы 33 898 гектардан 70 348 гектарға дейін, яғни екі еседен астам өсті. Алматы халқы 2,1 млн адамға дейін көбейді.

Қаланың екі есе ұлғаюы аудандардың әлеуметтік, инженерлік, көліктік және өзге де инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне кері әсерін тигізді.

Жаңа құжатты әзірлеу кезінде озық цифрлық технологиялар және әлемдік дизайн тәжірибесі (Space Syntax) пайдаланылды.

Модельдеу құралдары дамудың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салдарын және олардың ұтқырлыққа, жер құнына және адамның денсаулығына қалай әсер ететінін болжайды.

Жаңа бас жоспарды әзірлеу «Алматы қаласын 2025 жылға дейін дамыту бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалармен» тығыз байланысты.

Алматыда 5 жаңа полиорталықты дамыту көзделген. Жоспарлау кезеңінде барлық қажетті тұрғын үй, әлеуметтік, инженерлік, көлік, цифрлық, коммерциялық және рекреациялық инфрақұрылым қарастырылды.

Осының арқасында полиорталықтар өмір сүрудің шағын және жайлы аудандарына, іскерлік және қоғамдық белсенділік орталықтарына айналады, қала тұрғындарының әл-ауқатының өсуі мен «теңестірілуіне» негіз жасайды.

Сарапшылардың айтуынша, 2030 жылға қарай Алматы халқының саны - 2,5 млн, 2040 жылға қарай - 3 млн, 2050 жылға қарай - 3,6 млн адамға жетеді.

Табиғи өсім 2021 жылғы 47 пайыздан 2050 жылға қарай 60 пайызға дейін артады.

Бас жоспарды жасаушы Тамара Залогинаның айтуынша, қаланың өсіп келе жатқан тұрғындарын баспанамен қамтамасыз ету үшін жаңа тұрғын үй құрылысының көлемі 2040 жылға дейін 45,6 млн шаршы метр тұрғын үй болуы тиіс.

2030 жылға дейінгі Бас жоспар бойынша жобалық ұсыныстардың бірінші кезеңін іске асыру үшін әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға 1 трлн 391 млрд теңге инвестиция қажет.

Инвестициялардың басым бөлігі (46,6%) мектеп пен мектепке дейінгі білім беруді дамыту және денсаулық сақтау мекемелерін жетілдіруге (27,3%) жұмсалмақ. Мегаполисте 300-ден астам балабақша мен 188 мектеп салынады.

Сонымен қатар құжатта Алматы ауасын тазарту да қарастырылған.

Экологиялық тепе-теңдікті тұрақты сақтау үшін қалалық экожүйені біріктіріп, биоәртүрлілікті қамтамасыз ететін қаланың тұрақты «экологиялық» қаңқасы жасалады.

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ бас директорының орынбасары Айнұр Сарбаеваның мәліметінше, ауаның желдетілуі мен атмосферадағы ластаушы заттардың сейілу деңгейін жақсарту мақсатында, ауа айналымының бұзылуына жол бермеу үшін желдің бағытын ескере отырып, қаланы одан әрі дамыту жөнінде шешімдер қабылданады.

Жел режимін ескере отырып, құрылыс салудың бас жоспарына түзетулер енгізіледі.

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ өкілінің сөзінше, қаланың қазіргі жасыл қоры жылына орта есеппен 1,3 млн тоннаға дейін шаң жинайды, 16 мың тоннаға дейін оттегін өндіреді.

«Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады – зиянды заттардың кері әсерін азайтудың ең тиімді шарасы жасыл қорды сақтау және оны одан әрі тұрақты дамыту болып табылады. Операторлар (табиғатты пайдаланушы кәсіпорындар) Экология кодексінің нормалары шеңберінде жаңа технологияларды, оның ішінде заманауи шаң-газды тазарту қондырғыларын енгізуі тиіс»,- деп атап өтті Айнұр Сарбаева.

Сондай-ақ, жаңа бас жоспарда қала маңындағы рекреациялық аймақтар да назардан тыс қалмады.

Мегаполисте шамамен 2,5 млн жаңа ағаштың отырғызылуы маңызды.

Алматының жаңа бас жоспарын және полиорталықтардың шебер-жоспарларын қабылдау және іске асыру нәтижесінде қала 2030 жылға қарай 180 мыңға жуық жұмыс орны ашылады.

Оның ішінде әлеуметтік салада және тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерінде (дәрігерлер, оқытушылар, полицейлер, өрт сөндірушілер және басқалар) шамамен 30%, қалған 70% – мамандандырылған жұмыс орындары.

Бұл - Алматыда тұрақты экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылық үшін жағдай жасауға тиіс негізгі факторлардың бірі.

Алматының жаңа бас жоспарын және полиорталықтардың шеберлік-жоспарларын қабылдау және іске асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай мыналар көрініс табады:

- Т-тәрізді қиылыстардың көше байланысын барынша жақсарту;

- кеңістік интеграциясы мен байланысты көшелер желісі есебінен тұратын аудандар бір-бірінен және тарихи орталықтан оқшауланбайды, бұл қаланың кез келген басқа нүктесіне оңай жетуге мүмкіндік береді.

«Солтүстік – оңтүстік», «шығыс – батыс» бағыттары бойынша көлік байланысының, сонымен қатар, қоғамдық көлікке бөлінген жолақтардың саны мен сапасының артуы қоғамдық көлікте күнделікті күн сайын пайдалануды 1,6 есеге-2,3 млн.дейін өсуіне әкеледі деп күтілуде.

- кварталдармен бірге көшелердің тығыздығы 5 гектарға дейін болады (10-15 км-2км-ге);

- құрылыстың экономкалық тиімділігі (120 адам/га);

- «Есіктен есікке дейін» үздіксіз жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы (2023 жылы әуежайдан Тұңғыш Президент саябағына дейін жалпы ұзындығы 25 км20 көшелер бойынша жаяу жүргіншілер кеңістігін қайта жаңарту жоспарлануда);

- жасыл кеңістіктер байланысының желісі (скверлер, саябақтар, аллеялар, өзен жағалаулары, променадтар);

- 2040 жылға дейін оқушы орындарының тапшылығын қысқарту, 90-нан астам мектепті пайдалануға беру жоспарланған.

Қадамдық қолжетімділікте барлық қажетті қамтамасыз ету қағидатына сәйкес сапалы инженерлік және көлік инфрақұрылымы салынады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының бас жоспарының жобасы 2040 жылға дейін қаланың мемлекеттік органдарымен және коммуналдық қызметтерімен келісілді және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің бұйрығымен құрылған сараптама комиссиясының қарауына жіберілді.

Алматының бас жоспарын талқылаудың бірінші күні аяқталды. Сарапшылар мен жұртшылық өкілдері бірқатар ұсыныс пен ескерту айтты.

26 қаңтар күні көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары талқыға түседі.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар