Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге мүмкіндігі зор

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық Олимпиада комитетінің жұмыс тобы Алматы қаласының спорттық нысандарын бақылаудан өткізіп көрді.

Екі күнге жалғасқан танысу рәсімі барысында шетелдік сарапшылар «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортында, «Медеу» спорт кешенінде, халықаралық «Сұңқар»трамплиндер кешенінде болып қайтты.

Қонақтар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайының «Табаған», «Ақбұлақ» тау шаңғысы кешендерінің, шаңғы-биатлон кешенінің ахуалымен танысты. Шетелдік сарапшылар қала әкімі Ахметжан Есімовпен кездесу барысында Алматының 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге мүмкіндігі өте жоғары екендігін айтып өтті.

Олардың тұжырымдауынша, қаланың ерекше географиялық аймақта - Еуразия кіндігінде орналасқандығы да оң ықпалын тигізбек. Сонымен қатар, елдегі саяси экономикалық тұрақтылық та үлкен рөл ойнайды.

ХОК сарапшылары қалада салынған спорт нысандарының әлемдік стандарттың талаптарына сай келетінін баса айтып өтті.

Соңғы жаңалықтар