Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген
2022 жылғы 5 маусым 15:59

Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының 2 548 тұрғыны үйден дауыс беруге өтініш білдірген, оның 1299-ы дауыс беріп үлгерді. Бұл туралы брифинг барысында аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Жанна Асанова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Дауыс беру жалғасып жатыр. Учаскелік комиссия мүшелері азаматтардың өтініші бойынша үй-үйді аралап, дауыстарын қабылдап жатыр. Дауысты үйден беру бойынша 2 548 өтініш келіп түсті. Осы сәтке дейін 1 299 адам дауыс беріп үлгерді. Ең көп өтініш Әуезов ауданынан түсті – 864, ең азы Наурызбай ауданынан болды», - дейді Жанна Асанова.

Сонымен қатар, ол мүмкіндігі шектеулі азаматтар 97 инвотаксидің қызметіне жүгінгенін атап өтті.

«Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша халықтың 23,6%, яғни 265 892 адам дауыс беруге келді», - деді спикер.

Айта кетсек, Алматыда 1,1 млн астам адам дауыс беруге құқылы. Мегаполисте 574 референдум учаскесі ашық. Референдум учаскесіне алғашқылардың бірі болып Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайымен бірге келді. Олар Мәншүк Мәметова атындағы №28 мектеп-лицейде орналасқан №358 референдум учаскесінде дауыс берді.



Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT