Алматыны жайлы қалаға айналдыру үшін қандай шаралар атқарылуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс сапары кезінде қаланы абаттандыру бойынша бұрын берген тапсырмаларының орындалу барысын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Қала басшысы бұрын Желтоқсан көшесін аралаған кезде «Тәуелсіздік таңы» монументі жанына шағын қауіпсіздік аймағын жасауды тапсырған еді.
Егер бұрын көлік қозғалысы бөлігі ескерткішпен түйісіп тұрса, енді шағын аймаққа кеспе тас төселіп, қозғалыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Ал Абай даңғылының бірқатар бөлігіне, соның ішінде Лермонтов атындағы орыс драма театрының алдына гранитті тротуар плиткасы төселді, және жасыл желек көлемі артты. Театр алдындағы субұрқақ іске қосылды.

Қаланы қайта жаңғырту барысында Ұлттық кітапхана мен Байсейітова көшесі арасындағы бұрынғы резервуардың орнына жаңа субұрқақ пайда болды.

Кедергісіз кеңістікті ұлғайту үшін пандустардың саны көбейді. Мысалы, Спорт пен туризм академиясы алдындағы жаңа субұрқаққа мүмкіндігі шектеулі адамдар қиналмай түсетін болады. Көлік қозғалысы бөлігіне жақын орналасқан бекеттер қауіпсіздік үшін ауыстырылды, жолаушы ағыны көп жерлерге қосымша бекеттер жасалады.

Қаланы аралаған Бауыржан Байбек кәсіпкерлермен жүздесіп, қайта жасалған даңғылдарда орналасқан сауда объектілерін көрді.

Абылай хан даңғылындағы «Лакомка» кондитер дүкенінің сатушысы жөндеу жұмыстарынан соң және ұзақ уақыт бойына бос тұрған субұрқақтың іске қосылуы барысында келуішілердің едәуір көбейгенін айтты.

Бір ай бұрын ғана жаңарған «Алматы кітап» дүкенінің сатушысы Наталья Кох Абай даңғылын реконструкциялаудың арқасында кітапқа деген қызығушылықтың артқанын жеткізді.

«Сіздер сыртты жаңаласаңыздар, біз ішті әрлеудеміз. Оның барлығы оң нәтиже беруде. Жаңарған жерлерде серуендеушілер саны артты, кітап витринасына көз салып, келушілер де көбейді», - деді Наталья Кох.

Айта кетерлігі, қазіргі кезде жаңарған даңғылдарға ағаш отырғызу, заманауи көше жиһаздарын қою жұмыстары басталды. Көше мен тротуарлардың жарық көздері модернизациялануда. Алынған бағаналар қалаға қосылған елді мекендерге орнатылуда.

Бұлардан өзге, қала кеңістігін жақсарту аясында мегаполистің тарихи орталығының үштен екісі жаңарды, 524 көше мен 1400 ескі аулалар қайта жасалды. 300 км арық, 800 км астам инженерлік жүйе реконструкцияланды.

Жыл аяғына дейін қаланың жарық көздерінің үштен бірі диодты және энергияны жинақтаушы шамдарға ауыстырылады, жаңарған қоғамдық көліктің үлесі 80%-ға жетеді.

null null null null 

Осыған дейін Алматыда 1400 аулаға жаңа жарықтандыру жүйелері орнатылғандығын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар