Алматыны шетелде танымал етуге биыл 122,9 млн теңге жұмсалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыны шетелде танымал етуге биыл 122,9 млн теңге жұмсалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық Туризм және сыртқы байланыс басқармасынан хабарлады.

Биыл әлемде өтетін ірі халықаралық шараларға, атап айтқанда Сингапурда өтетін «ITB Asia 2017», Барселонада өтетін «IBTM World 2017», Лондондағы  «WTM 2017» көрмелеріне қатысу, Үндістан, Иран, Ресей, Қытайда роуд шоу көрсету көзделген.

«Алматының туристік имиджін қалыптастыруға, Орта Азиядағы тартымды туристік бағыт ретінде таныстыруға 2017 жылы 122,9 млн теңге жұмсалды»,- деді қалалық Туризм басқармасынан.

Сонымен қатар, Euronews халықаралық телекомпаниясымен Алматы қаласының туристік әлеуеті туралы бейнеролик түсіру және ротация  туралы келісімшарт жасалды.

«27-29 маусымнан бастап «Metropolitans» бағдарламасында «Almaty - the city of thousand colors» ролигі жарыққа шықты. «Focus» бағдарламасында түсірілім жұмыстары жүргізілді (бейнеролик шілдеден бері көрсетіліп келеді). 6-9 шілдеден жарнама бейнеролигі түсірілді (бейнероликтің ротациясы 11 қырүкйектен 2017 жылдың соңына дейін жалғасады). 19-20 тамызда Star of Asia фестивалі аясында Cult бағдарламасына түсірілім жұмыстары жүргізілді (бейнеролик 13 қыркүйектен тротацияланады).  28 қыркүйек - 3 қазан аралығында Алматы қаласы мен облысында «Post cards» бағдарламасы үшін түсірілім жұмыстары жүргізіледі (ротация қазанның ортасынан қарашаның ортасына дейін жалғасады)»,- деді басқармадан.

Алматы әуежайының мәліметіне сәйкес 7 айда өткен жылмен салыстырғанда сырттан келетін туристердің саны 22%-ға артқан.

Алматы қалалық статистика департаменті осы аралықта сырттан келген туристерге қызмет көрсетуге 18%-ға артқанын хабарлады.

«18 қазанда Туристік ақпараттық орталық таратылып, орнына «Visit Center» құрылды. Мұнда туристер Алматыға қатысты барлық мағлұматты біле алады», - деді басқармадан.

Фото  avia-sales.su

Соңғы жаңалықтар