+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыны дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту қалай іске асырылмақ

2020 жылғы 8 шілде 12:43
Бөлісіңіз:
Алматыны дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамту қалай іске асырылмақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев селекторлық кеңес барысында фарминдустрия өкілдерімен дәрі-дәрмек препараттарын және медициналық заттарды үзіліссіз жеткізу мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңестегі басты мәселе дәрі-дәрмек нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Өндірістік компаниялардың, дәріханалар желісінің және салалық қауымдастықтың өкілдері препараттардың қоры және оларды уақытылы жеткізу жоспарлары туралы айтты. Сонымен қатар, олар процедураларды рәсімдеу және жүктерді қабылдау туралы сөз етті.

Қала әкімі тиісті қызметтерге медициналық препараттар мен заттардың еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етуді тапсырды. Қажет болса салықтық және кедендік әкімгерлік, сонымен қатар шетелдік тауар сертификаттарын алу жеделдетіледі.

Сонымен қатар, кеңесте дәрі-дәрмектің тұрақты қорын құру мәселесі талқыланды. Яғни, өте қажет дәрі-дәрмектердің жартыжылдық қоры жасалады. Егер дәрі тапшылығы орын алса, олар бірден қаланың дәріхана желісінен алынатын болады.

Бақытжан Сағынтаев қазіргі кезде қала тұрғындарының денсаулығын сақтау бірінші кезектегі әрі басты міндет екенін атап өтті. Денсаулық сақтаудың қажеттілігіне тиісті қаржының барлығы бөлінетін болады.

Қала әкімі нарыққа қатысушыларды дәрі-дәрмектің жеткізілуі туралы шұғыл ақпарат беруге және дер кезінде көмек алуға шақырды. Барлық мәселелер шұғыл шешіледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT