+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді құжат әзірленді

2020 жылғы 19 ақпан 12:59
Бөлісіңіз:
Алматыны дамытуға бағытталған ұзақ және орта мерзімді құжат әзірленді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев мегаполис тұрғындарымен есептік кездесуі кезінде қаланы одан әрі дамытуды қамтамасыз ету мақсатында ұзақ және орта мерзімді құжат әзірленгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ШОБ субъектілері қандай салықтардан босатылды «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын қаржыландыру 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталды

Атап айтқанда, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және экономиканың өсуіне бағытталған төрт маңызды құжат дайындалды: «Алматы-2050» даму стратегиясы, «Жаңа Алматы» атты шеткі аймақты дамытудың кешенді жоспары, Алматы агломерациясын дамыту бойынша «Үлкен Алматы» жоспары, «Алматының ерекше мәртебесі туралы» Заңды іске асыру.

«Алматы-2050» даму стратегиясы — бұл қала болашағының көрінісі. Стратегия шаһарды дамытудың түбегейлі жаңа кезеңін ашып, үш қағидаға негізделеді: жаңа экономика, жаңа кеңістік және жаңа коммуникациялар. 2050 стратегиясы 7 негізгі бағытты қамтиды: шетсіз қала, ақылды қала, тең мүмкіндіктер қаласы, қауіпсіз қала, жасыл қала, жаһандық іскерлік орталық, мәдени әрі креативті қала. «Шетсіз қала» қағидасы ерекше маңызға ие. Бұл –аудандарды дамытуда тепе-теңдікті сақтауға, қаланың барлық тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

«2020-2024 жылдарға арналған «Жаңа Алматы» жоспары. Соңғы 10 жылда қаланың аумағы екі есе өсті. Бұл ретте жаңа аудандарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттілігі күрт өсті. Жоспар бойынша 2030 жылға қарай алматылықтардың саны 3 млн адамға жету мүмкіндігі көрсетілген. Осыған байланысты қала әкімдігі мегаполисті дамытудың бесжылдық кезеңге арналған кешенді жоспарын әзірледі. Үкімет оны бекітті. Басты мақсат — әлеуметтік мәселелерді шешу және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Бұған инженерлік желілердің тозуын төмендету, орталықтандырылған сумен жабдықтауды және жарықтандыруды 100%-ға жеткізу, жолдардың сапасын және т. б. жақсарту міндеттері кіреді»,- дейді Сағынтаев.


Алматы агломерациясының жоспары ішкі көші-қон мәселелерін шешеді. Жоспарға сәйкес, үлкен Алматыны дамытуда көлік инфрақұрылымы мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Осы жоспарды іске асыру мақсатында Үлкен Алматы айналма жолы, 6 көше, қала аумағында 3 көлік торабының құрылысы, облыстың 5 елді мекенінде автовокзал салу жоспарлануда.

Азық-түлік белдеуін ұйымдастыру мақсатында қала айналасында 4 көтерме-тарату орталығы, 2 ет комбинаты, 7 жылыжай, 2 сүт фермасы салынатын болады. Алматы агломерациясы жаңа жоспарының арқасында қала маңы көпсалалы аймақтар ретінде дамиды деп күтілуде.

«Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» заңда көрсетілген 28 мәселе бойынша әкімдіктің құзыреті кеңейтілуде. Заңнамалық өзгерістер әкімдікке қалалық ортаны, жер активтерін, көлік және басқа да қалалық қызметтердің жұмысын, әлеуметтік, сондай-ақ қала құрылысы мен сәулет сұрақтарын басқару бойынша кең ауқымды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді»,- деп қосты шаһар басшысы.


Айта кетейік, мегаполис әкімінің есептік кездесуінде 3200 мың адам қатысып жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT