Алматыны баққа айналдыру үшін тәртіп керек - Наталья Ливинская

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жыл соңына дейін жасыл желекті отырғызу және күтіп бағу ережелері қабылданады. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл соңына дейін жасыл желекті күтіп бағу ережелерін бекітуді жоспарлап отырмыз. Биыл қолға алған процесті аяқтап, келесі жылдан бастап оларды қолдана бастаймыз. Мәселен қаланың қай өңіріне қылқанжапырақты, қай өңіріне басқа ағаштарды отырғызу керектігін де осы ережелерде бекітіп жазамыз. Қаланы баққа айналдыру үшін тәртіп керек. Жекелеген кәсіпорындар мен компаниялар да ағашты белгілі бір тәптіппен отырғызу керек»,–деді онлайн брифингте Алматы Жасыл экономика департаментінің басшысы Наталья Ливинская.


Соңғы жаңалықтар