+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

«Алматыметроқұрылыс» басшысы неліктен босатылды - Министр жауап берді

2019 жылғы 3 желтоқсан 12:32
Бөлісіңіз:
«Алматыметроқұрылыс» басшысы неліктен босатылды - Министр жауап берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматыметроқұрылыс» АҚ директорлар кеңесі төрағасы Қайрат Рейімов 25 млн теңге кепіл қаражат төлеп, тұтқыннан босап шықты. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот шешімі болды. Тұтқында ұстау 25 млн теңге кепіл қаражатты айқындау арқылы санкцияланды. Сондықтан процедуралық мәселелер бар. Қорғаушы тарап жылжымайтын мүлік құжатын ұсынып, ол бағаланды. Осы процедуралардан кейін ол кепілмен босатылды», - деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін бірқатар БАҚ өкілдері «Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейімовтің ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған еді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT