Алматылықтың жүргізуші куәлігін «сатып алу» оқиғасына қатысты полицейлер тексеріле бастады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылық А.Фазылованың жүргізуші куәлігін «сатып алу» оқиғасынан кейін «қызмет бабын асыра пайдалану» фактісі бойынша полицейлер арасында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Аталған факт бойынша Алматы облысы ІІД-нің Жеке қауіпсіздік басқармасының 2017 жылдың 17 наурыздағы тексеріс қорытындысы бойынша, ҚР ҚК-нің 362-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», - деп хабарлады прокуратурадан.

Еске сала кетейік, 20 жастағы алматылық қыз Instagram әлеуметтік желесіндегі жеке парақшасында әкесі оған жүргізуші куәлігін сатып алып бергенін жазған болатын. Осы оқиғадан кейін тексеріс басталған. Алайда, қыздың екі жылдық оқу курсынан өтіп, жүргізуші куәлігін екінші рет тест сынағын тапсырып барып алғаны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар