+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматылықтың 5 жыл бұрын ұрланған телефоны елордада табылды

2020 жылғы 24 қыркүйек 16:50
Бөлісіңіз:
Алматылықтың 5 жыл бұрын ұрланған телефоны елордада табылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың полиция қызметкерлері қала аумағында ұрлық жасау күдігімен 6 адамды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Базар» жедел алдын алу шарасының үш күнінде полицейлер қылмыс жасау күдігімен 268 адамды тексеріп, олардың ішінде қылмыс жасау күдігіне іліккен 6 адамды анықтады, 2 қылмыс ашылды. Шара барысында полиция қызметкерлері қала базарларын тексеріп шықты. Ұялы телефондарды сатып алып, сатумен айналысатын 40 дүңгіршекті және телефон жөндеумен айналысатын 34 шеберхананы тексерді«, - делінген Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Ведомство мәліметінше, «қылмыстық заттар« санатында 1800-ден астам ұялы телефон тексерілген. 9 телефон тәркіленіп, өндіріске алынған қылмыстық істерге қатысты материалдарға тіркелген. Сонымен қатар полиция қызметкерлері 2015 жылы Алматы қаласында ұрланған 1 телефонды тауып, иесіне қайтарған.

Операция барысында 20 адам, оның ішінде 5 адам «ұрланған телефондарды сатып алумен және сатумен айналысатын тұлғалар« санатына жіктелген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT