Алматылықтарға тегін дәрі-дәрмек алуға 23 млрд теңге бөлінді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 2022 жылы алмалықтар 30 млрд теңгеден аса соманың тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылы тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 30,2 млрд теңге бөлінген болатын. Тегін медициналық көмек пакеті бойынша 215 мыңнан астам пациент, МӘМС қаражаты есебінен 215 мыңнан астам ересек пен 38 мыңнан астам бала дәрі-дәрмек алды»,- дейді ол.

Спкердің сөзінше, 2023 жылға 23 млрд теңгенің дәрі-дәрмегін сатып алу жоспарда.

«Дәрілік заттар жыл басынан бері бекітілген кесте бойынша жеткізіліп жатыр. Жалпы, пациенттер тегін дәрі-дәрмекке қатысты мәліметті «СК-Фармация» ЖШС-нің 1439 байланыс орталығы арқылы біле алады»,- деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, жедел, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсету кезінде барлық дәрілік заттар тегін беріледі.


Соңғы жаңалықтар