USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматылықтарға «Тар заман» телесериалы таныстырылды

2018 жылғы 21 наурыз 05:30
Бөлісіңіз:
Алматылықтарға «Тар заман» телесериалы таныстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда көпсериялы «Тар заман» телесериалының алғашқы сериясы көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Фильмнің режиссері Мұрат Бидосовтың айтуынша, 12 сериядан тұратын телесериал 22-28 ақпан аралығында кинопраокатта көрсетілген «Тар заман» тарихи драмасының кеңейтілген нұсқасы.

«Меніңше, жоба қызықты болды, оны тек көру керек. Туындыны түсіру де оңай болған жоқ және оның да өзіндік қызықты жақтары бар. Бұл телевизиялық жоба болатын, оның бюджеті шектеулі еді. Соған қарамастан оны түсіруге деген ұмтылыс мықты болды. Фильм Жамбыл, Алматы, Павлодар облыстары мен Ресейде түсірілді»,-деді режиссер Мұрат Бидосов.

Оқиғаның сюжеті 20 ғасырдың басын қамтиды. Бұл үлкен өзгерістер заманы болатын. Екі революцияны бастан өткерген қазақ интелегенциясы «Алаш» қозғалысын құрды. Тарихи туындыда 1917 жылдардағы қазақ тарихында өзіндік із қалдырған айтулы тұлғалар - Мұстафа Шоқай, Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынов сынды қайраткерлер мен олардың замандастарының тағдыры туралы баяндалады.

«Түсіру жұмыстары 3 айға созылды. Бұл қазақ халқының болашағы жолында жанкешті еңбек еткен біртуар азаматтары туралы туынды»,-деді М.Бидосов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT