Алматылықтарға коронавирусқа қарсы вакцина қашан егіле бастайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада КВИ инфекциясына қарсы вакцинация қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, ресейлік «Спутник V» вакцинасының алғашқы партиясы Алматыға ақпан айында жеткізіледі.

Сол айдың ортасынан бастап екпе егу жұмыстары жүргізіледі. Мегаполиске 50 мың доза вакцина бөлінген.

Қазақстан мен Ресейде жасалған вакциналар №7 аурухананың қоймасында сақталады.

«Қазақстандық вакцинаны сынау үшін 2000 волонтер келді. Бүгінгі таңда 530 ерікті вакцинациядан өтті. Олардан ешқандай шағым түскен жоқ, жанама әсерлері жоқ, бірінші кезең жақсы өтуде» - деді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар