Алматылықтарға кітаптарды жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы кітапсүйерлердің дәстүрлі мерекесі - Kitap Fest фестиваліне дайындалып жатыр. Мәдени шара 5 қыркүйекте Орталық демалыс саябағында өтеді.

Биылғы фестиваль балалар әдебиетіне арналады.

Сонымен қатар көрермендер назарына қаладағы кітап дүкендерінің кітап көрмелері ұсынылып, фестиваль көрмесінде қонақтарға өздерінің сүйікті кітаптарын жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік туады.

Семинар аясында көрнекі ақындар, үздік жазушылар дәрістер оқып, мастер кластар жүргізіп, оқырмандармен шығармашылық кездесулер өткізеді.

Айта кету керек, былтыр кітап фестиваліне 5 мыңға жуық адам қатысқан болатын. Фестивальден түскен қаржы көзі нашар көретін жандарға арналған, Брайль шрифтімен жазылған кітаптарды басып, таратуға бағытталған еді.

Биыл ұйымдастырушылар «Бауыржан» қайырымдылық қоры ақ қан және онкологиялық аурулармен ауыратын балаларға арнап кітап жинауды жоспарлап отыр. Бұл кітаптар шара соңында педиатрия және балалар хирургиясы Ғылыми орталығының кішкентай емделушілеріне табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар