Алматылықтарға кәсібін ашу үшін жеңілдетілген несие беріледі

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда биыл алғаш рет «Бастау» жобасы қолға алынды. Бұл жобаның басты ерекшелігі – кез келген жұмыссыз немесе ауылдан келіп, жеке ісімен айналысқандар, жасына қарамастан кәсіпкерлік негіздерін оқып, өз ісін ашу үшін жеңілдетілген несие алады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Курсқа қатысуға ниет білдіргендерге тестілеу 6-7 қыркүйекте басталады. Тыңдаушылар үшін жоба тегін, тіпті оған қатысушыларға бірреттік стипендия беріледі.

«2018 жылы «Бастау» жобасы аясында республикада 28 мың адам оқыды, оның ішінде 19,5 мың адам (60%) бизнес-жобаларды қорғады. Жобаларын жүзеге асыру үшін 8 мың адам шағын несие алды.Курсты тәмамдаған тыңдаушылар 16 759 тең стипендия, өз жобасының бизнес-жоспарын, курсқа қатысқаны немесе оны аяқтағаны туралы сертификат алады, сонымен қатар, 505000 теңге көлемінде грант, жылдық мөлшерлемесі 6% болатын 20 200000-ға дейін жеңілдетілген несие алуға мүмкіндігі бар»,- дейді «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының директоры Нариман Әбілшайықов.

2019 жыл Жастар жылы болып жарияланғандықтан «Атамекен», «Бастау» аясында тек қана жастарды кәсіпкерлікке баулуға арналған «Жас кәсіпкер» жобасын жүзеге асырады.

«Алматыда желтоқсанға дейін «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 2650 жасты, «Бастау» бойынша 6400 адамды оқытуды жоспарлаудамыз», - деді Алматыдағы «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының басшысы Қуанышбек Ерниязов.

Айта кетерлігі, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы жұмыссыздарды еңбекпен қамтуға ықпал етуде, қазіргі кезде оңтүстік астанада 8 мобильді орталықтар жұмыс істейді, осылар арқылы бизнес-курстарға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қысқа курстарына жазылып, жұмыс орнын таңдауға болады. Жақында вокзалдар маңынан осындай тағы 4 орталық ашылады.


Соңғы жаңалықтар