Алматылықтарға биыл қай мерекеде қаржылай көмек көрсетіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы тұрғындарының кейбір санатына 2022 жылы атаулы және мереке күндері қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық әлеуметтік әл-ауқат басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, қала мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешіміне сәйкес, биылға халықтың әлеуметтік осал топтарының келесі санаттарына біржолғы төлем жасауды жоспарлап отыр.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай төлем алатын тұрғындар:

- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне (олардың мәртебесі «ардагерлер туралы» заңмен белгіленеді) – 500 мың теңге;

- ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге – 100 мың теңге;

- Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің жесірлеріне беріледі. Бұл жағдайда қайтадан отбасы құрмаған әйелдер жесір деп саналады. Оларға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Ауғанстанда немесе басқа мемлекеттерде соғысқан әскери қызметшілердің ата-аналары мен жесірлеріне - 100 мың теңге.

16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай Алматыда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысып, кейін ақталғандарға төлем жасалады.

Оларға 150 мың теңге көлемінде көмек көрсетіледі.

Сондай-ақ келесі мерекелерге 1 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек қарастырылған:

- Жаңа жыл – 1-2 қаңтар;

- 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

- Наурыз мейрамы – 21-23 наурыз;

- 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

- Астана күні – 6 шілде;

- Конституция күні – 30 тамыз;

- Қазақстанның Тұңғыш президенті күні – 1 желтоқсан.

Бұл көмек тұрғын үйге мұқтаж көпбалалы отбасылар ғана көрсетіледі.

Бөлінетін сома тұрғын үй сатып алуға арналған, оны «Отбасы банкінің» шотына аударады.


Соңғы жаңалықтар