Алматылықтардың ыстық су мен жылуға қарызы 1,7 млрд теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– «Алматы жылу желілері» ЖШС қала тұрғындарын жылу мен ыстық суға қарыздарын төлеуге шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі таңда тұтынушылардың пайдаланған ыстық су мен жылу үшін кәсіпорын алдындағы жалпы қарызы шамамен 1,7 млрд теңгені құрайды. Оның 972,01 млн теңгесі немесе 57% -ы тұрғындарға тиесілі. Сонымен қатар, көрсетілген соманың тек 30% -ы ғана АЖЖ алады. Қалған 70% -ы жылу энергиясын жеткізушілерінікі », - деп хабарлайды «Алматы жылу желілері» ЖШС.

Қаржы ресурстардың жетіспеушілігінен, «Алматы жылу желілері» ЖШС жылу энергиясын өндірушілер алдындағы міндеттерін орындай алмай отыр. Төлемнен түсетін қаржы ТЭЦ қазандықтарына отындық сатып алуға, өндіру процестерін қамтамасыз етуге, жабдықтарды жөндеуге және жаңартуға жұмсалуы тиіс болған.

«Алматы жылу желілері» ЖШС жылу өндірушілер алдындағы қарызы 3,5 миллиард теңгені құрайды.

«Төлемнің кешенді жүргізілмеуі, жабдықтардың жұмысына, төтенше жағдайларды азайтуға, бүкіл жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысын қамтамасыз етуге және оны жылыту маусымына дайындауға кері әсерін тигізеді. Сондықтан АЖЖ тұтынушылардан қарызды өндіріп алу үшін шара қолдануға мәжбүр. Ыстық су беруді тоқтатамыз», - деп мәлімдеді ведомстводан.

Сонымен бірге, компания борышкерлер ескертуден кейін де қарыздарын төлемейтін болса, оларға жылу берілмейтінін хабарлады. Тағы бір ескеретін жәйт, коммуналды қызметке ақы төлемегендердің жеке мүлкіне, атап айтқанда, автокөлік, қаржысына дейін шектеу қойылады. Тіпті, басқа елге баруына да кедергі келтіріледі.

Соңғы жаңалықтар