Алматылықтардың үштен бір бөлігі велосипедпен жүреді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтардың үштен бір бөлігі велосипедпен жүреді. Мұндай көрсеткішті қала тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсетті. Бұл туралы бүгін Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі ҚҚ директоры Ирина Медникова мәлім етті.

Алматылықтар бүгін автокөліксіз күн мейрамын атап өтуде. Мейрамға қатысты Қазақстан баспасөз клубында Халықаралық автокөліксіз күніне арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда Алматы тұрғындарының велосипед инфрақұрылымына деген сұранысын зерттеу мақсатында өткен бірінші әлеуметтік зерттеу нәтижелері ұсынылды. Шілде айында «Вело-Алматы» ынталы тобының тапсырысы бойынша «Қазақстанның Жастар ақпараттық қызметі» қоғамдық қоры Қазақстандағы АҚШ-тың елшілігі грантының қаражатына Алматы қаласының 5 ауданы - Алатау, Медеу, Бостандық, Алмалы және Әуезов аудандарының 637 тұрғынының пікірін сұрастырды. «Зерттеу нәтижелері велосипед жолдарын қолдануды қалайтындар саны 1% емес, 30%-дан астам екенін көрсетіп отыр. «Сізде велосипед бар ма?» деген сұраққа қала тұрғындарының 38%-ы бар деп жауап беріп, қала тұрғындарының үштен бірі велосипед тебеді деген қорытындыға келдік. Алматылықтар веложолдарының болмауын осы саладағы негізгі көкейкесті мәселе деп санайды», - деді Ирина Медникова. Оның айтуынша, «велосипедті жиірек қолданулары үшін не өзгертер едіңіз?» деген сұраққа қалада 461 адам велосипед инфрақұрылымын дамыту, 251 адам - күзетілетін велосипед тұрақтарын көбірек болуы, 226 адам - жолдардан велосипедке арнайы жолақ бөлінуі, 204 адам - жол жүрісінің басқа қатысушыларының мәдени деңгейін көтеру, 170 адам - велосипед бағасын арзандату керек деп ұсыныс айтқан.

Соңғы жаңалықтар