Алматылықтардың сақтандыру жарнасы 81 млрд теңгеден асты
«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. Жалпы, сақтандыру жүйесі іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен 2020 жылдың 29-қыркүйегіне дейінгі аралықта Алматы қаласынан Қорға 81,2 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 67,9 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 13,3 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынцша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тлеухан Әбілдаев.
Алматы қаласы бойынша 2019 жылдың басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 193 мыңнан астам адам 312,6 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем БЖТ төлеген.