Алматылықтардың Міндетті медициналық сақтандыру қорындағы қаржысы 12 млрд теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтардың  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында жинаған сомасы 12 млрд теңге болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордың Алматыдағы бөлімшесінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер МӘМС қорына 2017 жылдың 1 шілдесінен 2018 жылдың 31 наурызына дейін 55,1 млрд теңге аударған.

Оның ішінде 7,7 млрд теңгесі наурыздың еншісінде.

Мамандардың айтуынша, Алматы аударылған сома бойынша көш бастап тұр.

«Алматыда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру қорына12 млрд теңге аударды. Бұл Қазақстан бойынша түскен түсімнің 21,5 пайызын құрайды. Екінші орында Астана (12,5%) болса, үшінші орында Қарағанды облысы (8,1% ) келеді», - деді баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар