Алматылықтардың Медициналық сақтандыру қорындағы жарнасы 38 млрд теңгеден асты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –2020 жылдың 11 айында Медициналық сақтандыру қорына 222,5 млрд теңгеге жуық қаржы жинақталды. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалынының директоры Тілеухан Әбілдаев мәлім етті,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы республика бойынша жарналар мен аударымдардың көлемі жағынан көш бастап тұр – жинақталған соманың бестен бір бөлігі бұрынғыша, оңтүстік астананың еншісінде. 2020 жылдың 1 қаңтарынан 30-қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласынан қорға 38,8 млрд теңгеден астам жарна аударылды. Оның 25 млрд теңгесі – жұмыс берушілердің қарамағындағы жұмыскерлер үшін жасаған аударымдары болса, қалған 13,7 млрд теңге – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша еңбек ететіндерге тиесілі», - деді филиал директоры Тілеухан Әбілдаев.

Сондай-ақ, бірыңғай жиынтық төлеушілер саны да артып келеді. Алматы қаласы бойынша 2019 жыл басынан бері өзін-өзі жұмыспен қамтыған 195 мыңнан астам адам 345,4 млн теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеген.


Соңғы жаңалықтар