Алматылықтардың коммуналдық түбіртегіне заңсыз енгізілген бағандар анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы қала тұрғындарының құқығын қорғау жұмыстарының барысымен таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысы Әнуар Өскенбаевтың айтуынша, ең алдымен коммуналдық қызмет түбіртегіндегі артық баған жойылған.

«Тұрғындардың құқығын қорғау шеңберінде коммуналдық қызметтер бойынша келетін түбіртектердегі артық бағандар жойылды. Коммуналдық түбіртектерді басып шығарушы АЛСЕКО және Ақпараттық есептеу орталығы компаниялары оған - заңгерлік кеңес беру және бос жұмыс орындары туралы анықтамалық сынды қосымша баған мен шығындарды қосып келген. Көптеген тұрғындар оларды байқамастан осы уақытқа дейін төледі. Ал бұл аз сома емес. Біздің араласуымыздан кейін түбіртектердегі қосымша бағандар алынып тасталды», - деді ол.

Айта кету керек, Алматыда 800-ден аса ПИК жұмыс істеп келеді.

Былтыр олардың 264-інің жұмысы тексеріліп, 221 ПИК басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар