Алматылықтардың көлік салығы бойынша берешегі 4,8 млрд теңгеге жетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті құзырлы органдармен көлік салығын төлемей жүрген азаматтарға рейд ұйымдастырды. Шара барысында 112 автокөлік айып тұрағына қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент мәліметінше, мамандар борышкерлер көлігін «Сергек» бейнекамерасы арқылы іздеп, табады. Жүргізушінің жеке басы анықталғаннан кейін, автокөлік иесі қарызды толық өтегенше ол айыппұл тұрағына орналастырылады. 10 күн жұмыс барысында 112 көлік айыппұл автотұрағына алынды. Нәтижесінде бюджетке 200 миллион теңгеден астам кіріс түсті. «Бүгінде қаланың көлік салығы бойынша қарызы – 4,8 млрд теңге. Бұл соманың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі үлкен – 4 мың текше см-ден астам автокөлік иелеріне тиесілі. Сот орындаушыларының қызметтеріне ақы төлеу және автотұрақ шығыны болмауы үшін Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелерін салық қарызын өтеуге шақырады»,- делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар