Алматылықтардың 80 пайызы міндетті медициналық жүйемен сақтандырылған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында мегаполистегі МӘМС-ті іске асырудың бірінші жылының нәтижесі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, сақтандыру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі – жұртшылықты сақтандыру мәртебесімен қамтамасыз ету. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, биылғы бірінші желтоқсанда Алматыда 1,9 млн тұрғынның 1 605 342-сі немесе 82,1% сақтандырылған. 421 121 адам сақтандырылмаған.

«Қала әкімі азаматтардың статусын өзектендіру бойынша бірқатар тапсырма берген. Нәтижесінде 1 тамызда Алматыда сақтандырылмағандардың саны 459 мың болса, желтоқсан айында 22,6%-дан 17,9%-ға дейін қысқарған. Сақтандырылмағандарды құрылымына қарай бөлетін болсақ: 146 мыңнан астамы – бірыңғай жинақ (БЖТ) төлеушілер. Олар төтенше жағдай кезінде бір реттік жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеп, кейін тоқтатып тастаған болуы мүмкін. Тағы 148 мың адамның әлеуметтік статусы белгісіз, яғни өткен 11 айда олардың атына бірде-бір рет төлем түспеген», - дейді Т. Әбілдаев.

Сонымен қатар, ол сақтандырылмағандардың 100 мыңы жұмыскерлер екенін атап өтті. Кейінгі айларды әртүрлі себептермен олардың атына сақтандыру төлемдерін аудару тоқтатылған. Бұл санаттың ішінде жыл соңына дейін салықтан босатылған шағын және орта бизнес нысандарының қызметкерлері де болуы мүмкін. 16 140 – жеке кәсіпкер.


Соңғы жаңалықтар