Алматылықтардың 70% қашықтан жұмыс істеуі мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада карантиннің енгізілуіне байланысты барлық мекемелерді қашықтан жұмыс істеу форматына көшуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Карантин режимі қаладағы қайнаған тіршіліктің жаңа ережелер бойынша жүзеге асырылатынын білдіреді. Бүгін қала құрылымы басшыларына еңбек ұжымдарының 70 пайызын қашықтан жұмыс жасауға көшіруді тапсырдым. Меншік формасына қарамастан кез келген кәсіпорын басшысына осындай ұсыныс айтамын. Карантин қолайсыз екені рас. Бірақ бұл мәжбүрліктен туындайды», - деді ол.
Әкімнің айтуынша, карантин қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін енгізіліп отыр.
«Төтенше жағдай кезінде барлығымыз бірігуіміз тиіс. Бұл жағдайда әр азаматтың тәртібі мен ой санасы өте маңызды. Мұндай қиындықтан бізді тек бірлігіміз бен бір-бірімізге қолдауымыз, тәртіптілігіміз ғана алып шықпақ. Біз қиындықты жеңеміз!», - деді шаһар басшысы.
Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі 19 наурызда түнгі сағат 00:00-де енгізіледі.
Азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп-шығуын шектеу үшін 27 бекет орнатылады.
- Қазақстанда осы уақытта 26 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр
- Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 1 адам қайтыс болды
- Түлкібас ауданында карантин режимі жыл басынан бері 258 рет бұзылған
- Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін
-
Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан 1050 адам жазылды
-
Қазақстанда бір тәулікте 1548 адамнан коронавирус анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам