+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Алматылықтардың 39 пайызы коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтырған

2021 жылғы 25 қаңтар 20:24
Бөлісіңіз:
Алматылықтардың 39 пайызы коронавирусты қоғамдық орындарда жұқтырған

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда COVID-19 - бен стационарлық емдеуде 909 науқас жатыр, оның 15-нің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мажарстанда қайтадан локдаун басталды Елімізде коронавируспен ауырған 238 адамның жағдайы ауыр Қазақстанда коронавирус пневмониясымен 17 адам ауырып, 4 адам қайтыс болды

Алматы әкімдігі қаланың коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа кіруіне байланысты мегаполистегі эпидемиялық жағдайды ескере отырып, қала тұрғындары мен қонақтарын коронавирус инфекцияның алдын алу шараларын күшейтуге - бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауға, мүмкіндігінше қоғамдық орындарға, әсіресе нашар желдетілетін жабық орындарға (ғимараттарға) барудан бас тартуға шақырады.

Пандемия басталғалы бері Алматыда COVID-19-дың 21 276 оқиғасы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққанда жұқтыру көрсеткіші-1065,6.

Қаңтар айының соңғы 3 аптасында індет жұқтырғандардың жас ерекшеліктері мынандай:

20-39 жас аралығында -35,4% , 40-59 жас аралығында- 27,4%, 60 жас және одан жоғары -21,5%;

Cтатистикалық деректерге сәйкес, адамдар індетті көбінесе қоғамдық орындарда (39,6%) , үй жағдайында (27,5%), қоғамдық көлікте (20,3% ) жұқтырған.

COVID-19 - бен стационарлық емдеуде 909 адам жатыр: 745-інің жағдайы орташа ауыр, 149-ы ауыр жағдайда, 15-і өте ауыр жағдайда. КВИ белгілері бар 596 науқас үйде бақылауға алынған.

Айта кетейік, Алматыда барлығы 7011 төсек-орын дайындалған, оның ішінде КВИ-мен ауыратын науқастар үшін-1866.

Алматыда санитарлық-эпидемиялық шаралардың сақталуын бақылау аясында 32 мониторингілік топ жұмысын жалғастыруда. Қаңтар айының басынан карантиндік шаралардың сақталуын тексеру бойынша 305 іс-шара өткізілді, 2305 нысан қамтылды, 153 нысанда бұзушылықтар анықталды. Бұзушылық фактілері бойынша тиісті материалдар берілуде.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 17-24 қаңтар аралығында бір апта ішінде 101 рейд жүргізілді, 775 нысан қамтылды, карантиндік шаралар бұзылған 77 нысан анықталды. Сондай-ақ, өткен аптада барлық аудандардың ХҚКО-ры мен мамандандырылған ХҚКО-ры, қоғамдық көлік, әуежай және басқа да қоғамдық орындар тексерілді.

Кәсіпкерлік субъектілері пандемия кезеңінде қауіпсіздік шараларының талаптарын мүлтіксіз сақтауы қажет — бұл қызметкерлер мен келушілердің термометриясы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтауды, жеке қорғаныс құралдарының (бетперделер, қолғаптар) ауыстырылуын, санитайзерлердің және дезинфекциялау құралдарының қорының болуын, үй-жайлардың желдетілуін қамтамасыз ету.

Жоғарыда аталған талаптардың бұзылуы ұйым қызметкерлері арасында сырқаттанушылыққа және кәсіпорындардың жұмысын тоқтатуға әкеп соғады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT